06.06.2022
  130


Автор: Жарылқасын Аманұлы

ӘРКІМНІҢ КӨҢІЛІ ӨЗІНЕ ПАТША ДЕГЕН

Әркімнің көңілі өзіне патша деген,
Басынба, байқап сөйлес басқаменен.
Кісімсіп кеуде қаққан біз кінәлі,
Біреулер қашса сенен, қашса менен.
Көрсетпе көкіректік көрінгенге,
Көптен, біз не табамыз бөлінгенде?
Кірерге жерден тесік таба алмаспыз,
Абырой айрандай боп төгілгенде.





Пікір жазу