06.06.2022
  124


Автор: Жарылқасын Аманұлы

ШАРШАТТЫМ БІЛЕМ

Шаршаттым білем, шақырусыз келген қонақтай,
Қабағың шытпа, жіберсең, жібер, жолатпай.
Басымды мен де иілмес жерде иіппін,
Жігіттік қайда, жігіттік қайда болаттай?
Санама мұны ездік пен кіріптарлыққа,
Көнбейтін жан жоқ тағдырдан келген жарлыққа.
Ұғысып тілсіз жарасып еді көңіліміз,
Су бүріккен таба секілді суып қалдық па?





Пікір жазу