meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  06.06.2022
  209


Автор: Жарылқасын Аманұлы

ЖАҚСЫЛЫҒЫҢ – ЖАНЫҢНЫҢ ЖАПЫРАҒЫ

Жақсылығың – жаныңның жапырағы,
Желексіз бақ не жеміс татырады?
Жақсылығы ешкімге жоқ адамдар,
Күн батырып, қалай таң атырады?
Көңілді көңіл жебеп арымаған.
«Жоқ» дейді, бар болса да жарымаған.
Өзегің талап өлер болсаң дағы,
Сұрама жарты күлше барып одан.





Пікір жазу