06.06.2022
  142


Автор: Жарылқасын Аманұлы

ҚАРМАҒЫМА ТҮС, ДЕМЕН, АЛТЫН БАЛЫҚ

«Қармағыма түс, демен, алтын балық»,
Түссе болды ақ сазан жарқыл қағып.
Қарашығым қадалып, қалытқының,
Күні бойы отырмын қалпын бағып.
Қармағыма еш нәрсе ілінбеді,
Қандай қара басты екен бүгін мені?
Ойда – балық, көңілім астан-кестен,
Су бетіндей сезімім дірілдеді.
Кім жұтты екен бұл судың балықтарын?
Қармағымды көрмедім тартқанын.
Құр айғырлар құтылмас құрығымен,
Құрбақаны ыза боп салып қалдым.
Сазан еді – басында аңсағаным,
Түссең түс деп, майшабақ, тамсанамын.
Қызыл құмар қазақпын тіс қышуы,
Қанса – кетер бір күні шаршағаным.





Пікір жазу