06.06.2022
129
![](/uploads/shorttexts/author_image/e5d8a214a0fcb90ea6a2a71cdb2245bb.jpg)
КӨҢІЛІМ ҚОЙДЫ ҒОЙ БІР ЖАЙЛАНБАСТАН
Көңілім қойды ғой бір жайланбастан,
Қарайды-ау жүрегім де майланбастан.
Қаңқылдап қарашада қайтқан қаздай,
Барады күндер өтіп қайран бастан.
Көңілім қашан толып жайланады,
Қай күні сазған жүрек майланады?
Кездескен қансонарда алтайыны,
Жанына айлакерлер байланады.
Қыраным, қыран жырым – сүйенерім,
Аққа да біздің бір күн тиер ерін.
Сыпырып томағанды жақсы үмітпен,
Ұшырған еді көкке киелі елім.
Тер қатты-ау маңдайыма тамшылаумен,
Көңілім көнтек болды-ау қамшылаумен.
Бір үміт, бір күдікпен күндер өтіп,
Таңдарым атып жатыр сансыраумен...