06.06.2022
  158


Автор: Жарылқасын Аманұлы

ЖАН ҚАДІРІН БІЛДІРМЕГЕН ЖАСТЫҚ-АЙ

Жан қадірін білдірмеген жастық-ай,
Ар қадірін білдірмеген мастық-ай.
Адамдардың, мынау қысқа ғұмырда,
Өзіне-өзі жасап жүрген қастығы-ай.
Жан қадірін жүре-жүре сезіндік,
Сезіндік те көп нәрседен безіндік.
Ар дегенің – асқаралы тау екен,
Асқар тауға аспан керек өзіндік.





Пікір жазу