meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  06.06.2022
  209


Автор: Жарылқасын Аманұлы

СҰРАҚ ЕДІ ЖАНЫМДЫ МАЗАЛАҒАН

Сұрақ еді жанымды мазалаған,
Жауабыңа қанықтым назалы адам.
Бір жаманның өлердей ұяты үшін,
Жан екенсің өзіңді жазалаған,
Көңіл кірін көз жаспен тазалаған.
Қадіріңді ол шіркін біледі ме?
Білсе, бұлай, әй қайдам, жүреді ме?
Топастықтың тоңына оранған ит,
«Қатырдым» деп әйтпесе күледі ме?
Қарауға да болмайды түр-өңіне.
Назаланба, азамат, назаланба,
Назаң ауыр, мен оны жаза алам ба?
«Кездеспедім, қайтейін, – деп жылайсың, –
Ар-намысы басында таза адамға».





Пікір жазу