06.06.2022
  139


Автор: Жарылқасын Аманұлы

АРУДАЙ АҚ ЖАМЫЛЫП ДАЛА ЖАТЫР

Арудай ақ жамылып дала жатыр,
Ай сырғып айдынынан бара жатыр.
Көлбеңдеп көз алдыма көп көлеңке,
Бірде алыс, бірде жақын салады асыр.
Естіген ертегіден перілер ме?
Жем еткен жолаушыны бөрілер ме?
О, сұмдық, үрейленсең өз-өзіңнен,
Қу бұта құбыжық боп көріне ме?
«Пендеңнің таусылған ба татар дәмі?» –
Көлеңкем күбірлейді қатардағы.
Айлы түн мені осылай сырға бөлер,
Бір жалғыз жан секілді жапандағы.





Пікір жазу