06.06.2022
  140


Автор: Жарылқасын Аманұлы

ШАЛМА АЯҚТАН

Шалма аяқтан, келсін шамаң, келмесін,
Көре алмау да – көңілі ояу ерге сын.
Артық кетіп, кем алдым деп күйінбе,
Аларыңды ап, береріңді бергесін.
Анығына жетсін көзің, жетпесін,
Сырттан даттап, өсек айтпа кеткесін.
Жігіттіктің жігіттігін көрсетер,
Кешірім ет, келсе алдыңа кектесің.





Пікір жазу