meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  05.06.2022
  277


Автор: Жарылқасын Аманұлы

ТЫНЫСЫ ТІРШІЛІКТІҢ ТОҚТАМАЙДЫ

Тынысы тіршіліктің тоқтамайды,
Кім келіп, кім кетсе де жоқтамайды.
Сарғайған сахараны теңіз етіп,
Теңізге тасты жағып от қалайды
Осылай керек болса ноқталайды.
Ғасырлар керуені замананың,
Тербеліп шетсіз-шексіз барады ағын.
Көз жетпес көкжиекке сіңіп кеткен,
Алдында ізі жатыр бабалардың,
Артыңда айқай-шуы балалардың.





Пікір жазу