05.06.2022
169
![](/uploads/shorttexts/author_image/e5d8a214a0fcb90ea6a2a71cdb2245bb.jpg)
ЕСІЛ-ДЕРТІМ ӨЗІҢЕ ҚҰЛАУМЕНЕН
Есіл-дертім өзіңе құлауменен,
Бір сен деген бағымды сынауменен.
Сезім деген шырмалып бұғауменен,
Қырық тесік көңілімді құрауменен.
Абайсызда тұншығып ыстық жасқа,
Абай құсап өтем бе жылауменен?
Махаббатын өлеңмен өрнектеген,
Өрнекті өлең өріліп жер-көкпенен.
Тоғжанына Абай да шөлдеп келген,
Шөлдеп келем, мен ылғи сен деп келем.
Саған деген пәктігім – нәрестенің,
Пәктігіндей ең алғаш еңбектеген.