05.06.2022
172
ҚИЫН БОЛДЫ-АУ
Қиын болды-ау, бұл маған қиын болды-ау,
Қиылғаным – бір ала құйын болды-ау.
Жалын жұтып өзіңе жазған жырдың,
Қара бақыр құны да тиын болды-ау,
Бұл күтпеген мен сенен сыйым болды-ау.
Біле алмадым өкпеңді, назыңды да,
Біле алмадым мұңыңды, сазыңды да.
Сенің әлде о баста пешенеңе
Жанып-сөніп жалт беру жазылды ма?
Біле алмадым шыныңды, назыңды да.