05.06.2022
147
![](/uploads/shorttexts/author_image/e5d8a214a0fcb90ea6a2a71cdb2245bb.jpg)
ӨТІПТІ-АУ, ЖЕҢГЕЙ, ДӘУРЕНІҢ
Өтіпті-ау, жеңгей, дәуренің,
Арман ғой енді бәрі де.
Көзіңнен ұшқан сәуленің,
Нұрлысы-ай, шіркін, әлі де.
Сүзіліп сырттай сұқтанып,
Қараймыз құлын мүсінге.
Қаншама жанды құштар ғып,
Арман боп кеттің ішінде?
Жарқырап айдай қабағың,
Уылжып, тұнып тұрсың-ау.
Мәрмардей бұғақ, тамағың,
Жырсың-ау, жеңгей, жырсың-ау.
Ең алғаш сүйіп маңдайдан,
Аймалап сипап шашыңды.
Болды екен, шіркін, қандай жан,
Маздатқан махаббатыңды.