05.06.2022
155
КӨЗ АЛДЫМНАН ДИДАРЫҢ КЕТЕР ЕМЕС
Көз алдымнан дидарын кетер емес,
Бір өзіңе ешбір жан жетер емес.
Тұсау жіптей десе де ғұмыр қысқа,
Сенсіз бірақ күндерім өтер емес.
Айдай болған айналдым маңдайыңнан,
Балдай болған айналдым таңдайыңнан.
Өзің түгіл сөзінді сағындырдың,
Сағыныштан салайын сарғайып ән.
Сағыныштың сарғайтқан саздарында,
Саған айтар бар шығар наздарым да.
Сен де мендей елжіреп ет-жүрегің,
Сен де мендей, білмедім, маздадың ба?