05.06.2022
176
Теңіз бен қыз
Қалқыған Теңіз төрінде,
Туған Ай қандай жайың бар?!
Қол жетпес биік менің де,
Дәл сендей аппақ Айым бар.
Ақ толқын моншақ шашқанда,
Теңізде менің үнім бар.
Жарқырап тұрған аспанда,
Күлімкөз менің Күнім бар.
Ах ұрса Теңіз өлеңде,
Аңсаумен өткен шақтарым.
Жұлдыздар сансыз төбемде,
Жолданбай қалған хаттарым.
Шағала Теңіз әншісі,
Жүрекке сенен ән тұнар.
Көзімнің аққан тамшысы,
Теңізде кермек бар шығар..!