05.06.2022
139
Ақтауда жүр ақ көктем
Ақ жағада,
Ақ шағала,
Ақ арман болып қонады,
(Ақтаудың тасы, елеңдеп тұрған құлағы.)
Айдында жүзген аппақ аққулар,
Теңіздің аппақ омырауы әнге толады.
Аппақ теңіз,
Аспан да аппақ, мөп-мөлдір,
Аққу қаз келген,
Сағыныш хаттай төккен жыр.
Ақ гүлге орап,
Көкпеңбек мынау Әлемді,
Ақтауда аппақ көктем жүр.
Теңізім менің,
Төкпе күй болып шалқыңдар,
«Көбік шашқан» күйі,
Керуен де керуен толқындар.
Теңізге беттеп,
Ұласқан Күннің нұрында,
Кемпірқосақ қосқан алтын бар.
Ақтауға маңғаз,
Сұлулық қонып аспаннан,
Құс жолыменен,
Алтын зер болып тасталған,
Не десем екен?
Кіршіксіз аппақ, дүние,
Әсемдік сазы,
Сол тұстан әне, басталған?!