05.06.2022
  135


Автор: Ислам Қосжан

ИТАЯҚ

Суретші Мырзабай Епенге
Суретші,
Кенепке түсірген,
Жаны бар сүгірет,
Адамға түсінген,
Құдірет!
Қиялдың отырмын ұшырып,
Құсын мен.
Үйшік тұр,
Шынжыр бос,
Иті жоқ итаяқ.
Тұрғандай сиқырлы күй тарап,
Тостаған...
Кім екен астына төңкеріп,
Дән егіп тастаған.
Қараңғы түнектен,
Құп-құрттай жүрекпен,
Тостақты көтеріп,
Өмірге құштар ән,
Тіршілік бастаған!





Пікір жазу