05.06.2022
105
Бір қарындасқа...
Жазған өлеңімнің арманы басым,
Әр өлеңім бір тамшы жасым.
Бірі от болса -
Қалғаны жасын,
Сен соны ұққайсың,
Қарындасым.
Өзің де мынау, сөзің де мынау,
Ол деген, қате ойлаумен бағыңды сынау.
Оның арты өкініш, жылау,
Қайтейін... қарындасым-ау!
Атың да құрау, затың да құрау,
Ойрандап ішіңде бір лағын*
жүр-ау.
Өмірің де мүмкін, құраудан тұр-ау,
Аман бол... қарындасым-ау!..
* Лағын – шайтан (Мәшhүр Жүсіп)