05.06.2022
  144


Автор: Ислам Қосжан

Ағаға тілек

(Л.Қиыновқа.)
Туғанын көрмеген,
Өлгеніне қайғырмайды.
(Мақал)



Келдің бе Аға,
Маңғыстау,
Дүниені мына ғашық қып,
Жатқанда мұнай – кеніне.
Қанатын қаққан кезінде,
Ән-аққу арман көгіне.
Жетсем деп, елге, жалған-ай,
Құс жүрек қанша ұмтылды?!
Қиындау соққан заманда,
Көзде жас қанша іркілді?!
Жан аға, деме жұртыңды!
Әулиелердің Отаны -
Маңғыстау,
Майлы Түбекті,
Талайлар келіп, түлетті,
Олардың қарып, сызы өтті.
Жүректі, білем, жүдетті.
Хан етіп халқы көтерген,
Тотанияздай дүр өтті,
Аузыңа ал, Пір Бекетті,
Маңғыстауға дәл бүгін,
Сендей бір Аға керек-ті!





Пікір жазу