05.06.2022
  268


Автор: Ислам Қосжан

«Адай» күйін тыңдағанда

«Адай» күйі,
Шанағыңда от өрген,
Шығып жатқан көк термен.
Дыбыстары пернесіне сыймаған,
Ат жалында атылғандай оқ-жебең!
«Адай» күйі,
Жүрегіңді өртеген,
Тентектікпен,
Тентектікпен көркем ең.
Жылдамдықтар тоғысқан,
Ат үстінде аттың ерін ерттеген!
«Адай» күйі,
Ақберен,
Әр пернеден,
Саусақ тиген от көрем.
Домбырадын асау әуен төгіліп,
Тілдеседі көкпенен!





Пікір жазу