05.06.2022
120
Өмір кезек
Апам Қаймаққа
Көз ілмей шығам бұл күнде,
Ауылға қашан келесің.
Қиын боп оқу, жүрсің бе?
Түсіме жиі енесің.
Әкең де үнсіз қарайды,
Сен келер жаққа,
Жолға көп.
Ұмытып қайта сұрайды,
Хат-хабар сенен бар ма? деп.
Сіңбейді - дейді,
Шай-тамақ,
Кетті деп тағы,
Маза тым.
Бір сөзін екі қайталап,
Анашым хатын жазатын...
...Жас жігіт аға атанды,
Өмірді жалғап келем мен.
Сапарда жүрсе баламды,
Түсімде жиі көрем мен!