05.06.2022
  93


Автор: Ислам Қосжан

Қаратаудың тасы

Бесігіне құштарлықтың бөледің,
Ниет түзеп,
Ата*
саған келемін.
Қаратаудың тасы жатыр сыр шертіп,
Тіліменен көненің.
Жолдар қанша,
Бір-бірімен жарысқан,
Саған келіп,
Күн нұрымен табысқан!
Жылылықтың,
Ұлылықтың мекені,
Бір арнада тоғысқан!
Қуат берген Күн көзі,
Ғасырларға сыр бермеген іргесі.
Көрінеді алыстан,
Биіктік пен тереңдік,
Жер астының күмбезі.
Шаңы жұтпай жылдардың,
Әр жүректің түпкірінен үн жардың.
Әрбір тасы маңдай термен қашалған,
Ізі жатыр қолдардың!
Келдім,
Ата басына,
Жаңбыр жауды...
Нұрдың тамған жасы ма?!
Пана болған баршаға,
Қасиетті-ау,
Қаратаудың таса да!


 




* Ата – Бекет Ата





Пікір жазу