05.06.2022
255
Қаратауда....
Қаратауда
Жанат аулап жүргем жоқ.
Бүркіт ұшты, –
Мен де ұшам, ол білген жоқ.
Артқа тастап
Кетем талай кезеңді.
Мекенінен
Бабамыздың ежелгі.
Ертең сонау
Көк жүзінен ұшқанда,
Жолығамын
Кеше қайтқан құстарға.
Верхоянда
Күткен мені шың-құз бар,
Шолпанды онда
Чолбон дейді ұл-қыздар.
Тұман жерге
Шұбат құсап құйылды.
Туыс көздер:
«Қайтпашы» – деп қиылды.