05.06.2022
  160


Автор: Жұматай Жақыпбаев

ӘЙЕЛ – МЕЙРАМ

Әйел – мейрам,
Әйел – жаз,
Әйел көп пе? Әйел – аз.
Әйел кірсе әйнектен күн түскендей,
Жарқырайды алакөбең үй іші.
Гүлдерде жүр әйелдердің иісі.
Әйел – қанат,
Онсыз еркек қанатсыз.
Қанатсыз һәм талапсыз.
Әйел қолы сыламаған еркектер,
Жарылады бомбаша.
Еркегі оңып жарытпас
Егер әйел оңбаса.
Өмір сұлу бола алмайды,
Онда аса.
Әйелсіз үй жазда – суық, қыста – мұз,
Әйел біздің ұстазымыз, ұстамыз.
Әйелменен емен-жарқын дүние,
Дүниеге әйел емей кім ие?
Әйел деген
Сабағы аппақ гүлқайыр.
Әйелден күт
Күтер болсаң бір қайыр.
Төзу керек жігітке
Әйелдің әр сынына.
Таудай-таудай ісімен,
Таңғажайып талантының күшімен,
...Қиын күнде әйелдерге келеміз.
Әйел егер қаласа,
Жұмаққа да енеміз.





Пікір жазу