05.06.2022
2826
Елу бес, туған күніңізбен
Елу бестің ақ таңы нұр сыйласын,
Хош иісті сізге арнап гүлді бағын.
Бұлбұл құсың сайрасын бұл жаныңда,
Сіз үшін деп тек қана салып әнін.
Саулығыңыз мықты боп жүз жасаңыз,
Көтеріңкі күйменен әркез лайым.
Отбасыңыз аман боп, жақыныңыз,
Қуаныңыз шаттанып әр күн сайын.
Әр күн сайын балаша қуанып сіз,
Немерелер қызығына бөленіңіз.
Ойнаңыз да күліңіз әрқашанда,
Көп боп шаттық өмірде көреріңіз.