05.06.2022
1612
Қырық бес жас бүгінгі
Құтты болсын туған күн,
Қырық бес жас бүгінгі.
Қуанышын сыйласын,
Сәтті етіп күніңді.
Жүзіңде мұң болмасын,
Көңілге мұң сыйлайтын.
Орнасын бар жақсылық,
Шаттық күнін жинайтын.
Мақсат жалғап арманды,
Өмірің гүл жайнасын.
Гүлді бағың құлпырып,
Бұлбұл құсың сайрасын.