05.06.2022
133
ГҮЛ ЕКЕНСІҢ, АҢҚЫТҚАН ГҮЛ ИІСІН
Гүл екенсің, аңқытқан гүл иісін,
Кеудем толы әлі де тұр иісің.
Жанап өтті жанымнан
Жүрегіме
Иісіңнен дірілдеп жыр ұйысын.
Жанарыңнан төгілген сәулелі нұр,
Қанша жанды, қалқам-ау, әуре ғып жүр?
Ерер едім соңыңнан бұрылмастан,
Бұлқына алмас ғұмырдың дәурені бұл.
Құмарым боп кездестің тарқамаған,
Білсем екен алдыңда қанша бағам?
Мәжнүн боп сен үшін кетер бір күн,
Мен секілді сал-сері арқалы адам.
Кінәрат жоқ қылдай тілегінде,
Сезім нұры лапылдар реңінде.
Сені егер көрмесем, періштем-ау,
Сұлулықтың қадірін білемін бе?!