meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  05.06.2022
  189


Автор: Жарылқасын Аманұлы

БІРЕУЛЕР МІНДЕТ АРТСА АСЫН БЕРІП

Біреулер міндет артса асын беріп,
Біреулер жүр менен өзін басым көріп.
Бармағы балдылар да наз айтады,
Жазғын деп мақтау өлең қасыма еріп.
Болады қайсысының ойлағаны,
Мастардың секілді ғой тойлағаны,
Мен үшін керек нәрсе, кім де болса,
Адамның адамдығын жоймағаны.





Пікір жазу