05.06.2022
182
ЖАНДАРЫҢДЫ ЖАЙСАҢДАР БІР ЖАЗДЫРЫП
Жандарыңды жайсаңдар бір жаздырып,
Бар-жоғыммен кетейін риза қылып.
Мені өмір басында жаратыпты,
Жоқтан бар қып, жомарт қып, мырза қылып.
Бары-жоғы жомарттың білінбейді,
Бар боп тұрып сараңдар дірілдейді.
Тірілсе де өлгендер қияметте,
Бермеу үшін Қарабай тірілмейді.