05.06.2022
  137


Автор: Жарылқасын Аманұлы

ЖҰҚАРҒАН КЕЗДЕ, МҰҚАЛҒАН КЕЗДЕ, ҚАРАҒЫМ

Жұқарған кезде, мұқалған кезде, қарағым,
Қорғаның болсын алдаспан – арың – жарағың.
Өмірде қанша қуаныш, бақыт көп болса,
Өмірде сонша барына сенгін нала-мұң.
Алдыңнан кейде алапат дауыл кез келмей,
Өмірің өтіп жататын болса өзгермей,
Күрессіз өткен, тілексіз өткен тірліктен,
Өзіңде бір күн боларсың, жаным, безгендей.





Пікір жазу