05.06.2022
112
ҚОНҒАН БАҚТЫ БІЛМЕДІҢ
Қонған бақты білмедің,
Білдің бастан ұшқанын.
Достарыңды күндедің,
Дос көрінді дұшпаның.
Әруақ тұтар төрлерде,
Аяқ жимай көсіліп.
Аза тұтар жерлерде,
Азбан боп ең есіріп.
Ас атқанға тас атып,
Теуіп кетіп табағын.
Қой дегенге қысасып,
Қасқыр болып қарадың.
Еппен шыққан биіктен,
Енді, міне домалап.
Өзің тапқан күйіктен,
Күйрегенің обал-ақ.
«Бекер екен ісіну,
Болдым, – дейсің, – жазалы».
Бірақ кештеу түсіну –
Азаптың ең азабы!