05.06.2022
157
КӨЗ САЛДЫҢ БА, ӨТКЕН КҮН, ӨТЕР КҮНГЕ
Көз салдың ба, өткен күн, өтер күнге,
Көппен бірге ауырлық көтердің бе?
Бақыттымын дейсің-ау, бірақ-бірақ...
Жалғыз сенің бақытың жетер кімге?
Желпінесің кеудеңді желге тосып,
Желпінгеннің – желі бар, тұрмын шошып.
Желпінбей-ақ әкеңдей жүр ғой жандар,
Пана еткен кеудесін елге тосып.