05.06.2022
128
КӨП ДЕГЕНІМ БОЛСА ДА
Көп дегенім болса да,
Дөп дегенім болмады.
Бақыт шіркін қонса да,
Көңіл шіркін толмады.
Құр қиялмен, құрығыр,
Қиырларды шарладым.
Сүйтіп жаны, сыры бір,
Өлеңді де алдадым.
Көрмегенді көңілдің,
Көзіменен көріп кеп.
Тас жүрегін өмірдің,
Қалай ақын ерітпек.
Ойсыз тыныш жатуға,
Тағы төзім жете ме?
Таң атып, күн батуда,
Өстіп өмір өте ме?