05.06.2022
91
БІР ДАРАҚТА ӨСКЕН ЖЕМІС БІР МЕЗГІЛДЕ ПІСПЕЙДІ
Бір дарақта өскен жеміс бір мезгілде піспейді,
Бір дарақтың жапырағы бір мезгілде түспейді.
Бір анадан туғандардың бірі адамға дос болса,
Екіншісі жаның шошыр қатыгездік істейді.
Сол сияқты бір күніме ұқсамайды бір күнім,
Бүгін өзге кешегіден күйбеңім мен тірлігім.
Кеше ғана қайран көңіл шарықтаса көкке ұшып,
Бір ауыр жүк иығымды басып-жаншып тұр бүгін.
Шама бар ма мына өрге шыға алатын ұмтылып?!
Әлде құлап жатар ма екем қолтық етім жыртылып.
Неде болса көрсете бер, айналайын тіршілік,
Көргеніме шүкіршілік, көргеніме құлшылық.