05.06.2022
172
ЕСТІМЕСЕМ ШЫРЫЛЫН
Естімесем шырылын,
Шегірткенің шөлдегі.
Естімесем құрылын,
Құрбақаның көлдегі.
Естімесем дүбірін,
Сәйгүліктің белдегі.
Естімесем күбірін,
Кемпір-шалдың елдегі.
Кетер дегбір, тынымым,
Сағыныш сол мендегі.