05.06.2022
192
РИЗАМЫН ҚҰБЫЛЫСТЫҢ БӘРІНЕ ДЕ
Ризамын құбылыстың бәріне де,
Көгілдір көктем, қыстың кәріне де.
Тағдырым тақия емес басымдағы,
Кезігіп, кез боламын әлі неге?
Жалғыз ой – бұл өмірге несін келдім,
Жүрмін бе босқа таптап жердің төсін.
Жақсы сөз, әлде жақсы ісім бар ма?
Қалатын ескерткіш боп есіңде елдің.