05.06.2022
205
ШАБЫТ – ШАҢЫРАҚ
Шабыт – шаңырақ, сөз – уық,
ойың – жайған кереге,
Осы үшеуі жымдасып айналар бүтін денеге.
Қисынсыз шумақ қыстырып,
жұлқа тартса желбауды,
Ұятқа өлең қалдырып, шаңырақ түсер төбеңе.
Ақын емес қазақ жоқ, қанаттысы санаулы,
Жүз мың солдат ішінен біреуі-ақ ұстар жалауды.
Жұлдыздай аққан құлагар бәйгені анық алса да,
Қоймадың, күншіл қауым-ай,
жабыны басқа сабауды.