meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  05.06.2022
  161


Автор: Жарылқасын Аманұлы

ҮЛГІ ЕТТІМ

Үлгі еттім ұлылардың қасиетін,
Кішімін жасы үлкенге бас иетін.
Қаратып жерге тағы кеткенім жоқ.
Қонақжай қоңыр үйдің ас иесін.
Болса егер өткен-кеткен білместігім,
Кешір де келгін, досым, тілдес бүгін.
Есесін қайтарайық, тіршілікте
Қосылып мәңгі бірге жүрмес ешкім.





Пікір жазу