meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  05.06.2022
  164


Автор: Жарылқасын Аманұлы

БАЛ ӨМІР

Бал өмір, балбырайын саяңда елтіп,
Бақыт бер, абырой бер баянды етіп.
Күліп кеп күңірене шығатұғын,
Дос берме, туыс берме аярлы етіп.
Жақын боп жарбақтаған есеппенен,
Жымқырып жұлқып-жұлқып жесек деген.
Сатқыннан сақта мені, сақта Құдай,
Сырт берсең, атқылайтын кесекпенен.





Пікір жазу