05.06.2022
149
СЫРТЫМНАН КЕСЕК АТПАҢДАР
Сыртымнан кесек атпаңдар,
Сыртымнан мені сатпаңдар.
Жан болсам жұртқа жағымсыз,
Көзімше ғана даттаңдар.
Бір ісім болса ұнаған,
Тасысын нұрым – мақтаңдар.
Естімей елден әділ сөз,
Өмірдің уын татқан бар.
Тірлікте – қола, өлген соң,
Алтын боп аз ба жатқандар?!