05.06.2022
142
ШАБЫТ
Кеудемді керші, жұпар самал ескен,
Сан гүлдер, қайдасыңдар далада өскен?
Көмескі түсте көрген қызықтардай,
Өткен күн неге шығып барады естен?
Қайтарып ала алмастан өткенімді,
Шегеріп он жыл артқа көкте күнді.
Жанымның жауқазыны сарғыш тартса,
Демеңдер, сарғыш тартты текке мұны.
Төгіліп төрт аяғы тең жорғадай,
Қиялмен қия құшам жерге қонбай.
Самайдан салқын терім сорғалайды,
Шабыт келсе ақыл-ой менде болмай.