05.06.2022
148
![](/uploads/shorttexts/author_image/e5d8a214a0fcb90ea6a2a71cdb2245bb.jpg)
ТАЛАП
Түйген аз тылсым өмір сырларынан,
Көріну қайда жақсы қырларынан?
«Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиер»,
Дәмегөй мен де Абай жырларынан.
Жыр жазсақ – жұмбақтаймыз, ырғақтаймыз,
Бірде олай, бірде бұлай сырғақтаймыз.
Сегіз қырлы, бір сырлы боламыз деп,
Әйтеуір қағаз бетін құрғатпаймыз.