meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  05.06.2022
  196


Автор: Жарылқасын Аманұлы

СӨЗ ӨНЕРІ

Сөз өнері бірдей екен дертпенен,
Күндіз-түні менің алау – өрт денем.
Батыс, шығыс, онтүстік пен солтүстік,
Боламын да, бір денемді төрт бөлем.
Қыран болып қиял ұшса қиянға,
Балапандай дірілдеймін ұямда.
Жер бетінде кейде тіпті жоқтаймын,
Бір тарының қауызына сыям да.





Пікір жазу