05.06.2022
202
КӨРМЕГЕНІМ КӨП ЕКЕН
Көргенімнен көп екен көрмегенім,
Күйкі тірлік, көңілімді бөлме менің.
Сезім бермей, көз беріп тірлігіңде,
Менен өзге аз ба еді жерлегенің?
Аласым бар өмірден алатұғын,
Берешегім бар одан көп елге менің.
Өзімді алсаң ала ғой, сезімді алма,
Толғанайын, бал өмір, өзің барда.
Бар табиғат тұрғанда балқып, еріп,
Мансап, байлық күйіттер кезім бар ма?
Тіршілігім бақытым басымдағы –
Туған елдің меншігі сезім барда.