05.06.2022
120
![](/uploads/shorttexts/author_image/e5d8a214a0fcb90ea6a2a71cdb2245bb.jpg)
ТЕБІРЕНБЕЙМІН МЕН НЕГЕ
Тәтті күндер тербеткен бесігінде?
Тебіренбеймін мен неге өмір жайлы.
Өкініш те тиіпті несібеме,
Өмір – бақыт, қуаныш, өмір – қайғы.
Кейде күліп, кейбірде күңіреніп,
Көңіл көгі болады астан-кестен.
Бір іс сәтті, ал бірі қырын келіп,
Өтті күндер сан қилы бастан кешкен.