05.06.2022
92
ЖЫР СЕЛІ
Кейбірде жігерім құм болып,
Талықсып құлаймын төсекке.
Жырсыз күн өтеді мұң болып,
Саналмай тіршілік есепке.
Шабытсыз сар таңды атырып,
Ойлар көп, ойлар көп жүдеткен.
Қоятын тереңге батырып,
Тағдырдан ақындық тілеп пе ем?
Шарқ ұрып шабытты күйіттеп,
Қиялмен әлемді шарлаймын.
Жыр селі жіберсе құйып кеп,
Аурудан арылған жандаймын.