05.06.2022
527
МҰХТАР ӘУЕЗОВКЕ
Сыймай кетті маңдайға деп өкінбен,
Дүниеде мың жасаған адам жоқ.
Өзің теңдес қазақтардың шетінен,
Санап шықсам, табиғаттан сараң жоқ.
Жаратыпты өмір сені басыңа,
Дариядай ақыл менен ой беріп.
Тот баспайтын ғасырлардан-ғасырға,
Сөз маржанын бұлбұл тілдің қойды өріп.
Атың мәңгі шықпай ұрпақ есінен,
Ойлы сөзің жүректерде сақталар.
Кеттің, Мұха, тарихтың көшімен,
Алдымда сен, артында мен мақтанар.
Қазақ атын бар әлемге таратқан,
Ұмыта ма ұрпақ сендей ұлдарын.
Аз болсақ та, бірегей ғып жаратқан,
Табиғаттың талғамына ризамын.