meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  05.06.2022
  152


Автор: Жарылқасын Аманұлы

Дүние көз тойғысыз көрікті екен...

Дүние көз тойғысыз көрікті екен,
Мен, бәлкім, құштарлықтан өліп кетем.
Ойнақтап ортекедей отын басып,
Бір ауық болмайды екен желікпесем.
Толтыршы бал шырынға көзелерді,
Тыңдайық, жігіт болса сөзі өнерлі.
Жарқылдап күліп-ойнап отырайық,
Күлкісіз күмбез ерін кезереді.
Секілді өлмес жаны ертегінің,
Ғұмырдың ұмытайық келтелігін.
Дүние-ай, сонша неткен көрікті едің,
Басылмай өтер, бәлкім, еркелігім.





Пікір жазу