meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  05.06.2022
  200


Автор: Жарылқасын Аманұлы

ЖАРҚЫЛДАП ӨТКЕН КҮНДЕРІМ

Жарқылдап өткен күндерім,
Арманға тұнған түндерім,
Көзімнен ұшқан гүлдерім,
Жалын боп шарпып жанымды
Өтетіндеріңді білмедім.
Кететіндеріңді білмедім.
Бүгінгі думан-дүрмегім,
Сайран сап сақ-сақ күлгенім.
Сапырып, шалқып жүргенім,
Өшіріп қайта өртімді,
Өкініп көзді ілмедім.
Өткенді қайдан іздермін.
Алқынбай, талмай, арымай,
Түгіңе тозаң дарымай,
Лебіңмен мәңгі қарымай,
Зымырап зулап өттің-ау,
Бал дәурен жастық шағым-ай,
Жібек жал арғымағым-ай!





Пікір жазу