ӘЛИХАН
Азаулыда азаттықтай азанама,
Айтады екен азалы әке, азалы ана.
«Азат» сөзі азап болып естіледі,
Ал азабың Азаулыны жаза ала ма?!
Азаттықтың түп-тамыры аза ма еді?
Қуаныштың да бар-ау осы жаза, кегі?!
Азаттықтан гөрі, жаным, о, аяулым
Бұл азаға жақынырақ Қазақ елі.
Біз ойлаған жұмағымыз сол жұмақ па?
Небір гүл мен небір ағаш толды баққа.
«Мен – еркінмін» деп шабамыз мына қырдан
Ана қырға, мініп алып қоңыр атқа.
Мінсіз адам – күмәнді де, қауіптірек.
Көрмегенін білем, оның жарықты көп.
Тоқтамайды ешқашан да уақыт-жүрек,
Соққан сайын тұрам, ылғи бақыт тілеп.
Содан ба еді тұратыны жаным жылап,
Суымайды қаным бір уақ.
Бостандықта жүрген жанның «АЗАТ»-ынан
Түрмедегі жанның сөзі нанымдырақ.
Мына жақ пен ана жақты алыстырып,
Бір-бірімен салыстырып.
Содан кейін «АЗАТ» жайлы аңыз айтып,
Жүрген шақта екеуара жарыс қылып,
Үстімізден тұрған шығар ауыш күліп.
Азаттықтай азанама,
Жүрек, шіркін жаза ала ма?
Азалы аға?!